1411

Елорда спорты: Өткені мен бүгіні

Бүгінде елордада спорттың 110-нан астам түрі бар. Қалада 40-қа жуық ірі спорт нысаны орналасқан. Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатындар саны Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының 30%-ынан асады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елордалық Дене шынықтыру және спорт басқармасындағылар соңғы 23 жылда еліміздің бас қаласының спорттық өмірі қалай өзгергені туралы айтты.

1998 жылы жаңадан құрылған елордада Қ.Мұңайтпасов атындағы стадион, теннис корты, төрт спорт кешені, бір ғана балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, үш бассейн және спорт клубы сынды спорт нысандары жұмыс істеді.

23 жыл бұрын дене шынықтыру және спортпен 17 640 адам айналысатын.

Жыл сайын спорт ғимаратының саны ғана емес, сонымен қатар спортпен белсенді айналысатын қала тұрғындарының саны да өсті. Бүгінде олар елордалықтардың 30%-дан астамын құрайды.

1999 жылы қалада ресми түрде хоккей мектебі ашылған болатын.

Бір жылдан кейін мұнда алғаш рет шаңғы жарысы өтті, қазір бұл жарыс жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Айта кетейік, 2010 жылдан бастап фестиваль бағдарламасына қазақ күресі, гір спорты, армрестлинг, асық ату, арқан тарту, дартс, бұқа тартыс сияқты спорт түрлері енді.

2001 жылы елордада су спорты түрлерін дамыту мақсатында «Толқын» спорт кешені, сондай-ақ «Қазақстан» спорт сарайы ашылды. Бір жылдан кейін балаларға велоспорт түрінен мамандандырылған БЖСМ-де оқу мүмкіндігі жасалды.

2004 жылы қалада ат спортымен айналысатын мектеп ашылды. Бұл жерде конкур, көкпар, бәйге, аударыспақ, ат құлағында ойнау және т.б. спорт түрлері үйретіледі.

Арада екі жыл өткен соң, елордада қала әкімдігінің қаулысымен олимпиадалық резервті даярлау орталығы құрылды.

2009 жылы «Дәулет» спорт комбинатының құрылысы аяқталды. Мекеменің қарамағында 1 210 орындық трибунасы бар орталық корт, сондай-ақ жазғы корттар бар.

Сол жылы 3 шілдеде «Астана Арена» стадионының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл күні жаңа футбол алаңында елордалық «Локомотив» ФК мен Қазақстан жастар құрамасы арасында матч өтті. Ойынға белгілі италиялық төреші Пьерлуиджи Коллин төрешілік етті. Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев оның ысқырығымен допқа символдық бірінші соққы жасады.

2010 жыл Азия ойындарында алтын және қола медаль жеңіп алған елордалық спортшылардың триумфымен есте қалды. Қараша айында «Қазақстан» спорт сарайына жапсарлас салынған 1000 орындық мінбесі бар қосымша мұз айдыны іске қосылды.

2011 жыл да елорданың спорттық өміріндегі оқиғаларға толы болды.

«Алау» коньки тебу стадионы, «Сарыарқа» республикалық велотрегі салынды.«Сарыарқа» ішінде трек, мұз айдыны, фитнес-орталық, конференц-залдар, бокс залы, гимнастика залы, ойын залы және шағын футбол алаңдары, қонақ үй, мейрамхана және тіпті кеңсе бөлмелері кіреді. 

Қаңтар айында елордада VII Қысқы Азия ойындарының салтанатты ашылуы өтті, онда біздің спортшылар 2 алтын медаль жеңіп алды.

2011 жылдың қазан айында «Жігер» спорт клубы құрылды, онда параспортшылар да жаттықты.

Келесі жылдың басында Елбасының қатысуымен жаңа теннис кешені ашылды. Спорттық нысан 6 жаттығу алаңынан тұрады.

2013 жылы елордада «Толағай» жоғары спорт шеберлігі мектебі құрылды, бір жылдан кейін қаланың екі ауданында тағы 14 әмбебап спорт алаңы ашылды.

2015 жылғы 13 қыркүйек қала тарихындағы айтулы күн болды — 42.2 км қашықтықтағы алғашқы Астана марафоны өтті. Сол кезде Қазақстанда алғаш рет «Алау» мұз сарайының жанында спринтерлік көпсайыста конькимен жүгіру спорты бойынша әлем чемпионаты өткізілді. Оған әлемнің 15 елінен атақты спортшылар қатысты.

2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиадада астананың қоржыны төрт жылдық басты ойындардың медальдарымен – боксшы Данияр Елеусіновтің алтынымен, боксшы Василий Левиттің және әйелдер күресінен спорт шебері Гюзель Манюрованың күмісімен толықты.

Оған қоса сол жылы қалада алғаш рет «Отбасылық дуатлон» өткізілді.

2017 жыл Назарбаев Университетінде 28-ші Алматы-2017 Дүниежүзілік Қысқы Универсиадасының алауын жағу рәсімінен басталды.

Бұл жыл елорданың ғана емес, бүкіл елдің тарихында ерекше орын алады: ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өткізілді. Көрме аясында 18 халықаралық және 4 республикалық турнир ұйымдастырылды. Олардың арасында көркем гимнастика және каратэ-до спортынан Азия чемпионаттары, шинкиокушинкай каратэ бойынша әлем чемпионаттары, белбеу күресі, стенд ату, көкпар, тоғызқұмалақ және қазақ күресі, самбодан әлем кубогы кезеңі, «Аударыспақ» бойынша әлем кубогы, триатлоннан Азия кубогы, халықаралық турнирлер, Қазақстан Республикасы Президентінің теннис және жамбы атудан кубогы,«Жібек жолы-2017» халықаралық раллиі, екі халықаралық марафон және Қанат Исламның қатысуымен өткен кәсіби бокс кеші. 

Елордада параспортшылар үшін спорттық инфрақұрылым мен кедергісіз орта белсенді дамуда. 2018 жылы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін халықаралық деңгейдегі бірегей паралимпиадалық жаттығу орталығы мен «Тарлан» мұз айдыны ашылды. 

Келесі жылдың шілде айында «Jekpe-Jek» сарайының салтанатты ашылу рәсімі өтті, онда әмбебап спорт залы, 5000 орындық арена бар. Кешен құрамына жекпе-жектің барлық түрі: бокс, күрес, дзюдо, ауыр және жеңіл атлетика бойынша халықаралық жарыстарды өткізуге арналған көпфункционалды арена кіреді.

2020 жылдың қараша айында жеңіл атлетиканың барлық салаларын дамытуға, сондай-ақ спортшыларды республикалық, халықаралық жарыстарға, әлем чемпионаттарына және жазғы Олимпиада ойындарына дайындауға мүмкіндік беретін заманауи жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған Жеңіл атлетика спорт кешені пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, өткен жылы Президенттік, Триатлон және Есіл өзені жағалауының бойындағы саябақ біріктірілді. Осы жұмыс аясында екі баскетбол, демалыс аймағы бар екі футбол алаңы, балалар ойын алаңы, көлеңкелі шатырлар, воркаут аймағы және ұзындығы 4 км веложол салынды.

Спорт саласын цифрландыруға да ерекше көңіл бөлінеді. Осылайша, «E-sport» бірыңғай цифрлық платформасы іске қосылды, ал бір жылдан кейін artsport.edu.kz порталы іске қосылды, бұл қызмет жеткізушілерін, балалар секциялары мен үйірмелерде айналысатын ата-аналарды алаңда біріктіреді. Сондай-ақ, 2021 жылы Нұр-Сұлтанда тағы 2 жауынгерлік өнер орталығы ашылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109