1814

Нұр-Сұлтанда Елорда күні босанған аналарға құрмет көрсетілді

Көпсалалы қалалық ауруханалардың акушерлік блоктарында Елорда күнінде туған балаларды дәстүрлі түрде құттықтау рәсімі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Есіл, Алматы ауданы әкімдіктері және қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының атынан әкімнің Әйелдер істері және демографиялық саясат жөніндегі бас инспекторы С.Бисембаева сәбилер мен олардың аналарына құттықтау хат пен гүл шоқтарын табыстап, зор денсаулық тіледі.

«Сіздерді бүгін айтулы күнмен құттықтаймын! Нәрестелеріңіздің дені сау болып, сіздерді қуанышқа бөлейтін, елге қызмет ететін азамат болып өссін! Біз сіздерді Елорда күнімен құттықтау үшін арнайы келдік. Ел азаматтары жыл санап көбейе берсін!» — деді С.Бисембаева.

Сәуле Бисембаева акушерлік блокқа КВИ-мен ауырып түскен аналарды да құттықтады. Мұнда 5 дені сау бала өмірге келді: 4 ұл және бір қыз.

«Дәрігерлер белгілеген уақытқа сүйенсек, сәл кейінірек босануым керек еді. Алайда, балам дәл осы күні өмірге келуді таңдаған екен. Бұл бекер емес, мұнда бір сыр бар деп ойлаймын», — жаңа босанған аналардың бірі.

Елорда күнінде босанған аналарға естелік сыйлықтар мен сәбиге арналған керек-жарақтар берілді.

Кеше, яғни 6 шілде күні елордада 77 бала өмірге келді, оның ішінде 37 ұл және 40 қыз бала.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109