1552

Елордада 10 мекеме жұмыс режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Өткен тәулікте, яғни 6 шілде күні елорданың мониторингтік топтары 10 мекемеде карантин талаптары бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Алматы ауданының мониторингтік топтары «Aisa» барында, «Oasis» кафесінде және «В9» компьютерлік клубында жұмыс режимі бұзылғанын анықтады.

Сондай-ақ, Сарыарқа ауданында орналасқан «Sreda» кафесі сағат 22:00-ден кейін де жұмысын тоқтатпаған. Мекеме қызметкерлері бетперде, әлеуметтік қашықтық режимін сақтамағаны белгілі болды.

Сол сияқты Байқоңыр ауданындағы «Мята» лаундж-бары да белгіленген режимді сақтаған жоқ.

Есіл ауданында жұмыс режимін бұзған тағы 5 қоғамдық тамақтану орны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың арасында «Какие люди» ресто-бары, «Мост», «Мята» мейрамханалары, «Legends pub» бары, «Woklagman» фастфуд орны бар.

Карантин талаптарын бұзғандарға қатысты материалдар тиісті шара қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына жіберілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109