1474

Нұр-Сұлтан қаласының елді мекендерінде дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында қала маңындағы елді мекендерде жүргізіліп жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы туралы айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Елорда аудандарын «Нұр-Сұлтан — жайлы қала» мастер-жоспары аясында орталықтандырып, дамытудамыз. Оның аясында қадамдық қолжетімділікте, яғни жақын маңайда білім беру, медицина, әлеуметтік тұрғын үй нысандары, белсенді демалыс орындары және т.б. ашылады. Ал бұл өз кезегінде қаланы тұрғындар үшін жайлы етпек.

Өндіріс, Көктал, Үркер (Ильинка), Теміржолшылар елді мекендерінде ірі дене шынықтыру-сауықтыру кешендері болады. Көктал және Өндіріс елді мекендерінде құрылыс жұмыстары аяқталды. Көктал елді мекенінде орналасқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенін аралап шықтым.

Дене шынықтыру-сауықтыру кешені тек спортпен шұғылдануға арналған алаң ғана емес, сонымен қатар қызмет көрсету орталығының функциясын да атқарады. Бұл кешендерде полицияның тірек пункті орналасқан.

Бұдан басқа, Есіл өзенінің жағалауындағы Триатлон паркте, теміржол вокзалында, Орталық саябақта (Тұран даңғылы жағынан) және негізгі кіреберістің алдында полицияның модульдік бекеттері жұмыс істейді. Биыл қадамдық қолжетімділік аясында елорданың барлық ауданында модульдік типтегі бекеттер ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті нығайту үшін жүргізілуде. 

Сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінде де ХҚО болады. Бұдан басқа егде жастағы адамдарға арналған қызығушылықтар бойынша клубтар, спортпен айналысуға арналған залдар (баскетбол, волейбол, үстел теннисі, жаттығу залы, күрес, бокс), сондай-ақ ұлттық ойындарды оқыту залдары және т.б. бар.

Тұрғындар дене шынықтыру-сауықтыру кешендеріне тегін бара алады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елді мекендерді дамытудамыз. Соның ішінде, бұқаралық спортты дәріптеуге баса назар аударылуда. Ол үшін барлық жағдайды жасаймыз», — деп жазды елорда әкімі.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109