1360

Елордалық Амфитеатрда бес елдің танымал әртістері өнер көрсетті

Елорда күнін мерекелеуге орай 5 және 6 шілде күндері «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры қала тұрғындары мен қонақтарына музыкалық сый жасады. Олар екі күн қатарынан «Дон Паскуале» операсы мен гала-концерт өткізді. Оған отандық әртістер де, бес елдің халықаралық деңгейдегі шетелдік орындаушылары да қатысты, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Концерттерді елорда әкімдігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырды. 

Сонымен көрермендер Гаэтано Доницеттидің екі актілі «Дон Паскуале» операсын тегін тамашалады.

Қойылымның басты партияларын қойғандар:

Норина – Либуше Санторисова (Чехия);

Эрнесто – Эцуо Дои (Жапония);

Малатеста – Алексей Шаповалов (Ресей);

Дон Паскуале – Антуан Бернхейм (Швейцария); 

Карлито – Ерұлан Камел орындады. 

Дирижер — Коррадо Вальво (Италия).

«Халықаралық деңгейдегі, аса талантты әншілермен алғаш рет жұмыс істеп отырмын. Мұндай қойылымдарда, әсіресе ашық далада әншілер мен оркестр арасында дұрыс тепе-теңдікті табу қиын», — деп маэстро Коррадо Вальво (Италия) өз әсерімен бөлісті. 

Айта кетейік, әртістер келесі күні халықаралық құраммен бірге амфитеатрда Гала-концерт қойды. Сахнада танымал опералық ариялар мен дуэттер, қазақстандық авторлар мен батыс еуропалық классик-композиторлардың аспаптық және хор шығармалары орындалды. 

Бағдарламаны ұйымдастырушылар санитарлық талаптар мен нормалардың сақталуын қатаң қадағалады. Көрермендер стендтерге тек бетперде тағып, Ashyq жүйесі арқылы кіргізілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109