1135

Елордада вакцинацияланған оқытушылар мен студенттер бағалы сыйлықтарға ие бола алады

КВИ вакцинасын алған елордалық ЖОО-ның студенттері мен оқытушылары еліміздің тарихи өңірлеріне жолдамалар, сауықтыру турларын, дүкендерге жеңілдіктер және бағалы сыйлықтар ала алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің COVID-19-ға қарсы вакцинацияланған студенттері мен оқытушылары сауықтыру орталықтарына тегін жолдамалар, еліміздің тарихи өңірлеріне турлар, спортзалға абонементтер, қазақ және ағылшын тілдерін үйренуге арналған сертификаттар, сол сияқты ірі сауда орталықтарында тауарлар сатып алуға арналған сертификаттар ала алады.

Аталмыш ЖОО-да 20 мыңға жуық студент оқиды, 3000-ға жуық оқытушы мен қызметкер жұмыс істейді.

Түрлі сыйлықтар мен жолдамалар вакцинацияның бір ғана артықшылығы емес. Ауқымды вакцинациялау жағдайында ЖОО жаңа оқу жылын толыққанды, қалыпты режимде бастай алады. Вакцинация адам денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ең қолайлы шешімі болып саналады.

«Көкшетау-Зерендідегі «Тұмар» оқу-сауықтыру кешеніне 50 дана тегін жолдаманы 1-20 шілде аралығында вакцинацияланатын студенттерге тарту етуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, 1-10 шілде аралығында вакцинациядан өткен алғашқы 30 студент еліміздің тарихи және рухани орындарына, яғни Түркістан мен Семей қалаларына жолдама алады. 1-15 шілде аралығында екпе алатын алғашқы 60 студентке ағылшын және қазақ тілдерін оқып-үйренуге арналған тегін сертификаттар беріледі. Сонымен қатар, 1-15 шілде аралығында екпе алған 100 студентке студенттік спорт орталығының бір айлық абонементі беріледі. Студенттер ЖОО-ның имидждік өнімін де ұтып ала алады. Сол сияқты 1-15 шілде аралығында екпе алған алғашқы 40 оқытушыға «Magnum», «Technodom», «Mechta», «Sulpak» дүкендерінің арнайы сертификаттары тапсырылады», - деді университеттің Әлеуметтік және азаматтық даму департаментінің директоры Рүстем Әлқожа.

Айта кету керек, ЕҰУ-да Ashyq өткізу жүйесі жұмыс істейді. Оқу корпустары мен студенттік үйлердің кіреберісінде дезинфекциялау тоннельдері, дене температурасын өлшеу датчиктері орнатылған, сол сияқты санитариялық дәрігерлер кезекшілік етеді. Ғимараттардың ішінде санитайзерлер орналастырылған, қажетті санитарлық нормалар сақталған.

ЕҰУ жаппай вакцинация науқанына қатысатын жалғыз оқу орны емес. Сәкен Сейфуллин атындағы ҚазАТУ да қалыс қалған жоқ. 2021 жылдың 28 тамызында сағат 15:00-де агрономия факультеті алдындағы алаңда университет қызметкерлерінің вакцинацияланған және вакцинациялау паспортын алған қызметкерлері арасында бағалы сыйлықтардың ұтыс ойыны өтеді. Вакцинацияланған адамдар бағалы тұрмыстық техникаларды жеңе алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109