998

Елордада түн ортасынан кейін жұмыс істеген тамақтану орындары анықталды

Елорданың кәсіпкерлік нысандары арасында карантин талаптарының бұзылуын анықтайтын мониторингтік топтар тәулік бойы жұмыс істеуде. Мәселен, өткен тәулікте, яғни 7 шілде күні шектеу шараларын сақтамағаны үшін қаланың үш қоғамдық тамақтану орны әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Есіл ауданында «Chelsea» спорт-бары белгіленген уақыттан кейін де жұмыс істеуін тоқтатқан жоқ. Ал «Opus One» кафесі жұмыс режимін сақтамағаны үшін жауапқа тартылды.

Сарыарқа ауданында орналасқан «Көктал» кафесі елорданың бас санитарлық дәрігерінің қаулысын елемей түннің бір уағына дейін жұмыс істеді. Тексеру кезінде мекемеде адам көп болып, әлеуметтік қашықтық сақталмағаны анықталды.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласы эпидемиологиялық ахуалды бағалау бойынша «қызыл» аймақтан шыққан жоқ. Қала тұрғындары мен қонақтары, сол сияқты кәсіпкерлік нысандары санитарлық нормаларды, шектеу шараларын қатаң сақтауы тиіс.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109