1004

Қалқымалы бекет, рейд, патрульдеу: Елордада судағы қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі

Күн жылынып, жаз мезгілі басталғалы жұрт суға түсіп, табиғат аясында серуен құрғанды жақсы көреді. Алайда суға түсетін орынның бәрі жабдықталмағанын, тиісінше қауіпті орындарға суға түсуге тыйым салынғанын ескерген жөн. Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Ратбек Демеуберген қалада судағы қауіпсіздік және жазатайым оқиғалардың алдын алу қалай жүргізілетіні туралы онлайн брифингте түсіндіріп берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Шомылу маусымына дайындық кезеңінде қала әкімдігі «2021 жылдың жазғы кезеңінде қаланың акваторияларындағы көпшілік шомылатын орындарда және басқа да демалыс нысандарында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын» бекітті.

Естеріңізге сала кетейік, қалада шомылуға арналған үш орын бар: Орталық жағажай, «Три пескаря», «Астаналық аула» демалыс орны.

«Стихиялы жағажайларда күн сайын тұрғындардың қауіпсіздігін бақылайтын ЖҚБ (Ақбұлақ, Триатлон, Шұбар, Газмашаппаратура, Қарасу, Нұра-Есіл арнасы) қалқымалы бекеттері қойылды. Сонымен қатар, жұрттың су айдынындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында департамент қызметкерлері күн сайын акваторияның аса қауіпті учаскелерінде патрульдеу жүргізеді. Оның барысында тұрғындармен әңгімелесіп, судағы қауіпсіздік қағидалары түсіндіріледі», - деп мәлім етті Ратбек Демеуберген.

Сонымен қатар, полиция мен Ұлттық ұлан қызметкерлері бірлесіп тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар жүргізіп жатыр.

Суға шомылу маусымы басталғалы бері жүргізілген рейд нәтижесінде 5000-нан астам жадынама мен брошюра таратылды.

«Департамент тұрақты негізде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр. Су айдындарында 150-ден астам белгі, 20 қалқымалы тыйым салу белгісі және 20 ақпараттық стенд орнатылды», - деді ол.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109