1224

Болашақтықтар «Nazarbaev ortalygy» виртуалды турын бастады

«Nazarbaev ortalygy» виртуалды турын ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлектері әзірледі. Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1997-2004 жылдары жұмыс істеген резиденциясын компьютерден де, смартфоннан да көруге болады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Виртуалды тур ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы түлектерінің қауымдастығы мен елорда әкімдігінің қолдауымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және қауымдастықтың 20 жылдық мерейтойына орай әзірленді.

Елбасы Кітапханасының Музейі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Резиденциясының ғимаратында орналасқан, онда ол 1997-2004 жылдар аралығында елорда Алматыдан Астанаға көшкеннен кейін жұмыс істеген.

Елбасының кабинеті, қабылдау бөлмесі мен мәжіліс залдары сол жылдардағы жұмыс күндерінің атмосферасын сезінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кітапхана музейінде Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметі арқылы тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін ашып көрсететін бірегей экспонаттар ұсынылған.

Дербес кітапхана қорының негізін Елбасының Қазақстан Республикасында және шетелде шығарылған кітаптары мен оның авторлық туындылары; авторлардың бірінші Президентке берген кітаптары мен басқа да баспа басылымдары; сирек кездесетін, коллекциялық және сыйлық басылымдары; биобиблиографиялық және библиографиялық көрсеткіштер мен электрондық басылымдар құрайды.

Кітапхананың әрбір бөлімі кезең-кезеңімен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті тұлғасының ауқымын, Елбасының ұлттық және әлемдік тарихтағы ерекше рөлін ашып көрсетеді. Бірегей тарихи құжаттар, архивтік фото және бейнематериалдар, жеке құжаттардың көшірмелері, Елбасы кітапханасының музей, кітапхана және архив қорларының газеттік жарияланымдары мен экспонаттары тәуелсіз Қазақстан тарихының аса маңызды оқиғаларының атмосферасына енуге мүмкіндік береді.

Жоба бетінде пайдаланушы дисплей қораптарын «қарап», камера бейнесі бар белгішелерді басу арқылы орталықты виртуалды түрде зерттей алады. Экранда қысқаша анықтамалары бар фотосуреттер пайда болады — оларды слайд секіллі айналдырып көруге болады.

Виртуалды турды мына сілтеме бойынша жасауға болады:
https://my.treedis.com/tour/nazarbaev-ortalygy.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109