1734

Нұр-Сұлтанда 9 шілде күні тікелей эфирде вакцинацияланғандар арасында екі iPhone12 ойнатылады

Бүгін, яғни 9 шілдеде Нұр-Сұлтанда әкімдіктің әлеуметтік желідегі парақшаларында (Facebook, YouTube) сағат 20:00-де вакцинацияланған азаматтар арасында екі iPhone12 ойнатылады. Бірінші ұтыс ойынына вакцинация басталған сәттен бастап 6 шілдеге дейін екпе алғандар қатысады (осы уақыт аралығында вакцинацияланғандар саны — 259 мың 115).

Бұдан кейін апта сайын жаздың соңына дейін iPhone12 ойнатылады. Ұтыс ойыны әкімдіктің әлеуметтік желідегі парақшаларында (Facebook, YouTube) тікелей эфирде өтеді.

Birge платформасында байқау жеңімпазын анықтау үшін (https://birge-elorda.kz/nur-sultan) арнайы рандомайзер қызметі орнатылды, ол жеңімпаздарды ID арқылы таңдайды. Әзірлемеге IT-қауымдастық та қатысты.
Бүгінгі күні сервис ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің вакцинацияланғандар туралы мәліметтерімен біріктірілген. Осыған байланысты екпе алған елорда тұрғындары конкурсқа автоматты түрде қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, вакцинацияланғандар арасындағы конкурс қазіргі эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға және коронавирустық пандемияны жеңу үшін ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға мүмкіндік беретін вакцинаны алуға ынталандыру үшін қолға алынды. Сондай-ақ, бірқатар СОО және сауда үйлерінде вакцинацияланғандар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109