1922

Нұр-Сұлтанда инфекциялық төсек-орын жүктемесі 58%-ға дейін төмендеді

Нұр-Сұлтанда коронавируспен ауыратын науқастар үшін қосымша ашылған орындардың арқасында төсек-орын жүктемесі 71%-дан 58%-ға дейін төмендеді. Мәселен, бүгін таңертең КВИ-мен күресу үшін жалпы саны 2 505 орны бар 14 стационар ашылып, жүктеме 71%-ды құраса, онда жаңа инфекциялық орындар ашылғаннан кейін жүктеме 58%-ға төмендеді. Қазіргі уақытта ашылған инфекциялық төсек саны үш мыңнан асады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін коронавируспен ауырғандардың көбеюіне байланысты қалада екі аурухана инфекциялық стационарға ауыстырылған болатын. Олар: Қалалық психикалық денсаулық орталығы және ҚР Қорғаныс министрлігінің Бас әскери клиникалық госпиталі. Жалпы төсек-орын қуаты: 300 орын.

Бүгін, яғни 9 шілдеден бастап №1 Көпбейінді қалалық аурухана ковидтік стационар ретінде іске қосылды. Бұл ауруханада тағы 600 төсек-орын ашылды.

Вакцинация мен санитарлық нормаларды сақтау арқылы ғана өз денсаулығыңызды, сондай-ақ жақындарыңыз бен айналаңыздағы жұртты қорғай аласыз.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109