1869

Елордалық SMALL гипермаркеттер желісі толық вакцинациядан өткен компаниялардың қатарына қосылды

Нұр-Сұлтанда өз ұжымын толық вакцинациялаудан өткізген компаниялар қатары күн сайын артып келеді. SMALL сауда орталығының қызметкерлері «Asia Раrк» СОО-дағы вакцинация пунктіне барып, екпе алды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 

Мобильді вакцинация тобы орталық қызметкерлерін, сондай-ақ сауда ойын-сауық орталығының жалдаушыларын вакцинациялады. Ақхалаттылардың айтуынша иммунитетін нығайтқысы келетіндердің қатары артып келеді.

«Бізге СОО қызметкерлері ғана емес, өзге жұрт та екпе алуға келеді. Олардың вакцина алуға деген ниеті қуантады. Пункт ашылғаннан бастап күніне шамамен 200-300 адам келсе, бүгін «Спутник V» бірінші компонентін 400-ден астам адам алды. Тұрғындардың вауцинаның маңыздылығын түсінгені қуантады. Себебі ұжымдық иммунитетті қалыптастыра отырып, коронавирусты жеңе аламыз», – деді клиникалық фармаколог Жансы Рахимова.

«Біз қала тұрғындарымен күн сайын жұмыс істейміз. Сол себепті өз денсаулығым үшін және пандемияны тоқтату үшін вакцина алуға бел будым. Ешқандай ауырсыну болған жоқ», — деп бөлісті SMALL қызметкері Алмахан Бисахан. 

«Әркім өз денсаулығы үшін жауапты. Коронавирустан қорғану үшін вакцинациядан өту туралы шешім қабылдадым. Бәріне вакцинациядан өтуді кеңес етемін», — деді SMALL қызметкері Меруерт Қажыбаева.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта вакцинация мен ұжымдық иммунитет коронавирустың таралуын болдырмаудың және жалпы пандемиямен күресудің ең тиімді әдісі болып саналады. Оны дамыту үшін қала тұрғындарының кемінде 60%-ын вакцина қажет. Бүгінде қалада БМСК мекемелерінде, сондай-ақ ірі СОО-лар мен сауда үйлерінде 100-ден астам егу пункттюі жұмыс істейді. Сонымен қатар, әр емханада ұйымдастырылған мобильді бригадалар жұмыс орындарындағы еңбек ұжымдарын вакцинациялай алады.

Нұр-Сұлтанда 10 шілдедегі жағдай бойынша КВИ-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін 277 мыңнан астам адам алды, ал 169 мыңға жуық адам толық иммундаудан өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109