1528

Нұр-Сұлтанда мұғалімдердің 85%-ы коронавирусқа қарсы екпе алды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында қыркүйек айында мектептерді қалыпты оқыту форматына көшіру үшін мұғалімдерді де, өзге де мектеп қызметкерлерін вакцинациялау қажет екенін мәлім етті. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

«Мектеп — балалар өзін қауіпсіз сезінетін, ал ата-аналар баласы үшін алаңдамайтын орын болуы керек. Пандемия оқыту форматын онлайн режимге көшуге мәжбүр етті. Мұғалімдер тарапынан жедел шаралар қабылданғанына қарамастан дәстүрлі, яғни офлайн форматтағы оқытуға ешнәрсе жетпейді.

Қыркүйек айында мектептерді қалыпты оқыту форматына көшіру үшін мұғалімдерді де, өзге де мектеп қызметкерлерін вакцинациялау қажет. Бұл денсаулықты қорғауға, инфекцияны тоқтатуға және коронавирустың жаппай таралуын шектеуге көмектеседі.

Қазіргі уақытта мектеп мұғалімдерінің 85%-ы вакцинацияланды. Мысалы, №3, №7, №13, №21, №33, №34, №39, №46, № 81 мектеп-гимназиялары 100% иммундаудан өтті. Педагогтардың барынша жауапкершілік танытқаны қуантады. Дегенмен, бірқатар оқу орнында вакцинацияланғандар пайызы әлі де төмен. Мұғалімдермен (мектептер/колледждер) онлайн режимде жаңа оқу жылына дайындық мәселелері талқыланды.

Соңғы күндері қаламызда инфекция жұқтырғандар саны артуда. Қосымша жұқпалы аурулар стационарларын ашып жатырмыз. Тәулік сайын 300-ге жуық науқас ауруханаға жатқызылады. Дәрігерлер атап өткендей инфекция жұқтырғандар қатары коронавирустың жаңа штаммының пайда болуына, яғни «Дельта штаммына» (үнді штаммы деген атаумен белгілі) байланысты болып отыр. Бұл — коронавирустың аса қауіпті түрі, жылдам таралып, тез жұғады.

Қалада 100 вакцинациялау пункті жұмыс істейді, сондай-ақ егу орындары СОО-ларда, СҮ-лерде және т.б. орындарда бар. Қазір 286 мыңға жуық адам вакцинацияланды. Соңғы апталарда вакцина алғысы келетіндер саны 7 есеге дейін өсті. Бұл бізді қатты қуантады. Өз денсаулығыңызды және айналаңыздағы адамдардың денсаулығын қорғау үшін вакцина алу қажет. Осылайша ұжымдық иммунитет қалыптасады», — деп жазды елорда әкімі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109