1614

Нұр-Сұлтанда вакцинация алғандар қатары артып келеді

Елордада вакцинация алғандар қатары артып келеді. Маусым айында күніне орта есеппен 1500-2000 адам екпе алса, қазір күніне 8 мыңға жетті.

Қазіргі уақытта вакцинаның бірінші компонентін 286 мыңға жуық адам алды. Ал 172 мыңнан астам адам толық иммундаудан өтті. Вакцинацияның өсу қарқыны қаладағы эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға, қала тұрғындары арасында коронавирус инфекциясын тоқтатуға, мектеп оқушылары мен студенттердің офлайн оқыту форматына оралуына, сондай-ақ ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қаланың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы еңбек ұжымдары мен жекелеген ұйымдардың қызметкерлерін вакцинациялау жұмысы белсенді жүргізіліп жатқанын хабарлады. Сауда кешендері мен сауда үйлерінен, коммуналдық қызметтерден, ПИК (МИБ) қызметкерлерінен, ірі құрылыс компанияларынан, мектепке дейінгі және білім беру мекемелерінен, жеке ұйымдардан және т.б. өтініштер түсуде.

«Басшылық ұжымымызды вакциналау үшін арнайы бригада келетінін мәлім етті. Бұл біз үшін жасалып отырған қолайлы жағдай деп санаймыз. Таңнан кешке дейін жұмыстамыз, вакцина алуға баратын уақытымыз болмайды. Ал өзімде вакцинацияға деген ешқандай қорқыныш, алаңдаушылық болған емес. Қайта ауырып, айналама жұқтырудан қорқамын. Әріптестеріммен ойымыз бір, сол себепті екпе алу үшін кезекте тұрмыз», — дейді банк қызметкері Қаламқас Әділжанова.

Еске сала кетейік, елорда тұрғындарын вакцинациялауға ынталандыру үшін түрлі сыйлықтардың ұтыс ойыны өтіп жатыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109