2715

Нұр-Сұлтан әкімдігінде бірқатар кадрлық тағайындау жүргізілді

Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Оралов Асхат Раздықұлы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол бұған дейін Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарған. Әр жылдары «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ хатшылығында, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментінің бас маманы болып жұмыс істеді. 2016-2018 жылдары Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы қызметін атқарды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Соңғы жылдары Павлодар облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып жұмыс істеді. Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі болып саналады. Әкім орынбасары ретінде Асхат Оралов әлеуметтік бағыттарға жетекшілік ететін болады.

 

Сонымен қатар, Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Бекмұрзаев Ерлан Орынбасарұлы Алматы ауданының әкімі болып тағайындалды. Еңбек жолын 2007 жылы Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің маманы қызметінен бастаған. Әр жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде және т.б. сарапшы болып жұмыс істеді.

Асхат Оралов пен Ерлан Бекмұрзаев меротократия қағидатына сәйкес жолдан өткен тәжірибелі мамандар болып саналады. Елорда әкімі Алтай Көлгінов олардың алдына бірқатар міндет қойды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109