1496

Бараев көшесінде көлік қозғалысын шектеу уақыты жөндеу жұмыстарына байланысты ұзартылды

Бараев көшесінде жол жөндеу уақыты осы жылдың 14 шілдесінен 20 тамызына дейін ұзартылды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

Бұл бөлікте нөсер кәрізінің магистральдық коллекторын салу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатвр. Бараев көшесі мен Иманбаева көшесінің қиылысында көлік қозғалысы шектеледі. Жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін уақытша схема ұйымдастырылады.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін көлік жүргізушілеріне қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды ұсынады. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан немесе аяқталмаған жол учаскелерінде неғұрлым мұқият болып, уақытша схема бойынша белгіленген жол белгілері негізінде Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының талаптарын сақтай отырып, қозғалуы қажет. Бұл учаскеде жүру жылдамдығы сағатына 40 км-ге дейін шектелген.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109