2765

Медицина қызметкерлері стационарлардағы жағдайды көрсетті

Медицина қызметкерлері инфекциялық стационарға айналған қалалық ауруханаларда жағдай қалай өрбіп жатқаны туралы видео жолдады. Дәрігерлер елорда тұрғындарына өзінің және жақындарының денсаулығына жауапкершілікпен қарап, санитарлық нормаларды қатаң сақтауға шақырды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

«Бұл төсектерде сіз немесе сіздің туыстарыңыз жатуы мүмкін. Мұндай жағдайға жеткізбеңіз! Мән беріп көрсеңіз науқастар саны аз емес», — делінген видеода.

Аурухананың реанимациялық төсектері коронавирустың ауыр түрімен ауыратын науқастарға толы. Дәрігерлердің айтуынша инфекция жұқтырғандардың басым бөлігі — жастар. Ақхалаттылар жағдайға асқан жауапкершілікпен қарап, санитарлық нормалар мен шектеу шараларын қатаң сақтауға шақырады.

«Еліміздегі барлық медициналық қауымдастықтың атынан қазіргі жағдайдан хабардар болғандарыңызды қалаймыз. Ауыр жағдайдағы науқастар қатары көп, күн сайын қайтыс болып жатқандар бар. Балалар арасында да ауырып жатқандар көбейді. Өз денсаулығыңызға асқан жауапкершілікпен қарағандарыңызды қалаймыз», — деді медицина қызметкерлері қала тұрғындарына арнаған видеода.

Айта кету керек, коронавирусты тоқтатудың жолы — вакцинация. Бұл әлемдік пандемияны жеңуге көмектеседі. Екпе арқылы ғана азаматтар өзін және жақындарын қорғай алады!

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109