1218

Карантин: Елордалық мекемелер белгіленген жұмыс режимін елемей отыр

Елорданың кәсіпкерлік нысандары арасында карантин талаптарын бұзғандарды анықтау және жолын кесу жөніндегі мониторингтік топтар тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Әкімшілік жауапкершілікке көбінесе жұмыс режимін сақтамайтын, қарапайым саннормаларды елемейтін мекемелер тартылады, осылайша халық арасында қауіпті вирустың одан әрі таралуына ықпал етеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Өткен тәулікте, 13 шілдеде қалада карантиндік шектеулерді бұзған 4 кәсіпкерлік нысаны анықталды.

Осылайша, Есіл ауданының мониторингтік тобы жұмыс режимін бұзғаны, сондай-ақ қызметкерлерінің бетперде тақпағаны үшін «Bariton» караоке-клубын әкімшілік жауапкершілікке тартты. Ал «Aura club Alanya» түнгі клубы есіктерін жауып алып жұмыс істеген.

Сонымен қатар, белгіленген уақыттан кейін Алматы ауданында орналасқан «Особа» кафесі, «Respawn» компьютерлік клубы, сондай-ақ Сарыарқа ауданында «Bariton» караоке-бары жұмысын жалғастырды.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, қаладағы эпидемиологиялық ахуал әлі де тұрақсыз болып отыр. КВИ инфекциясын жұқтырғандар саны артып келеді. Мәселен, елордада өткен тәулікте 1000-нан астам адам коронавирус жұқтырды. Жағдайға байланысты қала тұрғындары мен қонақтары, кәсіпкерлік нысандары санитарлық нормаларды, шектеу шараларын қатаң сақтауы тиіс.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109