1881

Алтай Көлгінов қала тұрғындарына үндеу жасады

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауға, әлеуметтік және азаматтық жауапкершілік танытуға шақырды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

«Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Қаладағы эпидемиологиялық жағдай әлі де күрделі. Өткен тәулікте мыңнан астам адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Дәрігерлердің айтуынша науқастардың өсуіне өткен демалыс күндері айрықша әсер еткен. Яғни қала тұрғындарының табиғат аясында сауық құрып, суға түсуі инфекция жұқтырғандардың артуына себеп болған.

Қала тұрғындарын адам көп жиналатын орындарға бармауға шақырамын. Бөтен адамдармен, көпшілікпен қарым-қатынасын, сол сияқты қонаққа баруын тоқтатуы қажет. Қазір әлеуметтік және азаматтық жауапкершілік танытатын уақыт. Бұл әсіресе бизнес нысандарына да қатысты. Коронавирустың жаңа түрі – «Дельта» штаммы (үнді деп те аталады) неғұрлым жұқпалы, қысқа инкубациялық кезеңде жүретінін және ауыр күйде өтетінін есте ұстаған жөн.

Инфекция жұқтырғандар санының өсуін, оның ішінде ауыр халдегі науқастарды ескере отырып, медициналық мекемелерді бірінен соң бірін ковидтік ауруханаларға айналдырып жатырмыз. Медициналық мекемелерде 100 вакцинация пункті жұмыс істеп тұр. Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін бірқатар сауда үйі мен СОО-да вакцинация пункттері ашылды.

Бүгін вакцинация пункттерінің біріне бардым. Вакцина алу үшін барлық жағдай жасалған. Ал еңбек ұжымдарын вакцинациялау үшін медициналық бригадалар аттанады.

Алдымызда оқу жылы келе жатыр. Оқытудың бұрынғы форматына – офлайн режимге оралу үшін ұжымдық иммунитетті дамыту қажет. Ұжымдық иммунитет өзге де кәсіпорындарға үздіксіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта вакцинаның бірінші компонентін 300 мыңнан астам қала тұрғыны алды.

Вакцинация — өзіңіздің денсаулығыңызды, сондай-ақ жақындарыңыз бен айналаңыздағы адамдардың денсаулығын қорғаудың жалғыз әдісі.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!» — деп жазды елорда әкімі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109