1527

Елорда мешіттерінің ауласында Айт намазы өткізілмейді

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Нұр-Сұлтанда Құрбан айт мерекесі күндеріне арналған шектеу шаралары туралы Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қол қойылған құжатқа сәйкес қала тұрғындары мен қонақтарының Құрбан айт мерекесіне арналған бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде үйде де өткізуге және қатысуға тыйым салынады.

«Мешіттер аумағында ашық ауада өткізілетін іс-шараларды қоса алғанда, бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде «Айт намазы» ұжымдық намазын өткізуге тыйым салынады», — делінген елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында.

Сонымен қатар  құрбандық шалу рәсімі онлайн режимде qurban2021.kz сайты арқылы ұйымдастырылады. Бұл ретте күшейтілген санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, адамдардың жаппай жиналуын болдырмай, міндетті түрде бетперде режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, арнайы бөлінген орындарда (сою пункттерінде) ұйымдастыру қажет.

Құжат қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқи аласыз.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109