11516

Нұр-Сұлтанда демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейді

Елордада эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты карантиндік шаралар күшейтілді. Тиісті қаулыға қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова қол қойды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасы негізінде қабылданды.

Қол қойылған құжаттың негізінде қоғамдық көліктің жұмыс кестесі өзгертілді. Қалалық автобус маршруттарының жұмысы сенбі және жексенбі күндері тоқтатылады. Бұл күндері автобустарда дезинфекциялық өңдеу жүргізіледі. Жолаушылар маска режимін сақтауы тиіс, қоғамдық көлікке маскасыз кіруге қатаң тыйым салынады. Жол жүру ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді.

«Қалалық қоғамдық көліктің жұмысын қамтамасыз ету (қарбалас уақытта автобустар санын көбейту, соңғы аялдамада салонды дезинфекциялық өңдеу, есіктерінің бәрін ашу, жолаушыларға ыңғайлы орындарға санитайзерлер орнату, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтау және жолаушылар мен жүргізушілердің бетперде тағуы) жұмыс күндері штаттық кестеге сәйкес жүргізу, ал сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады», — делінген қаулы мәтінінде.

Құжат 17 шілде күні күшіне енеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109