3163

Нұр-Сұлтанда карантин 17 шілдеден бастап қалай күшейтіледі

ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасы негізінде елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Нұр-Сұлтанда карантиндік және шектеу шараларын қатаңдату туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елордада коронавирус ауруының күрт өсуіне байланысты карантиндік шаралар күшейтілді. Демалыс күндеріне локдаун енгізілді.

Жаңа қаулыға сәйкес елорданың қоғамдық көлігі демалыс күндері, яғни сенбі және жексенбі күндері жүрмейді. Автобустарда бетперде режимі міндеттеледі, ал жолақы қолма-қол ақшасыз төленеді.

Бұдан басқа, қоғамдық тамақтану нысандары – дәмханалардың, мейрамханалардың, кофеханалардың жұмыс режимі қысқартылды, олар келушілерді дүйсенбі-жұма күндері таңғы 7-ден 17.00-ге дейін қабылдайтын болады. «Ashyq» жобасымен жұмыс істейтін мекемелерге дүйсенбі-жұма аралығында сағат 20.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Ал демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады.

Демалыс күндері сауда ойын-сауық орталықтарының, театрлардың, компьютерлік клубтардың және т.б. жұмысына тыйым салынады.

Азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмыс тәртібі сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін белгіленген.

Құжат 2021 жылы 17 шілде күні сағат 00.00-де күшіне енеді.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

Қатаң карантиндік шектеулердің енгізілуіне COVID-19 індетінің белең алуы себеп болып отыр. Қазір пандемияны тоқтатудың және өмірдің бұрынғы қалпына оралудың жалғыз тиімді әдісі — вакцинация арқылы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру.

Елордада 100-ге жуық егу пункті БМСК мекемелерінде, ірі сауда үйлері мен СОО-ларда орналасқан. Олардың кез-келгенінде вакцина алуға болады. Қала тұрғындары азаматтық ұстанымын көрсетіп, вакцина алуда белсенділік танытуы керек. Себебі адам денсаулығы тікелей осыған байланысты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109