1455

Елордада белгілі құрылыс компаниясының қызметкерлері коронавирусқа қарсы вакцина алды

Нұр-Сұлтан қаласында қызметкерлері вакцина алған компаниялар қатары артып келеді. Бүгін бас қалада «G-Park» ЖШС құрылыс компаниясының қыметкерлері иммундаудан өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Бір жылдан астам уақыттан бері біз көзге көрінбейтін жаумен күресіп келеміз. Әрине, медицина бұған үлкен күш жұмсады. Ақыры біз басты қаруымызға айналған вакцинаға қол жеткіздік. G-Park құрылыс компаниясының негізгі басымдықтарының бірі – қызметкерлердің денсаулығы және олардың қауіпсіздігі. Құрылыс үлкен механизм болғандықтан ол біртіндеп жұмыс істеуі керек. Әр адамның жұмысы кеңседе де, құрылыс алаңында да маңызды және құнды. Сондықтан біз вакцинацияға оң көзқараспен қараймыз және қызметкерлерімізге осы вакцинаны алудың маңыздылығын түсіндіреміз», — деді құрылыс жөніндегі директор Төлеген Рахметов.

Жалпы G-Park компаниясының мақсаты – әлемдік және отандық озық тәжірибені, сондай-ақ қауіпсіз құрылыс технологияларын пайдалана отырып, ғимараттар салу.

«Мен G-Park құрылыс компаниясында заңгер болып қызмет етемін. Бүгін CoronaVac-тың екінші компонентін қабылдадым. Алғашқы компонентінде де, қазір де ешқандай жанама әсер болған жоқ. Өзімді жақсы сезінемін. Біз ауқымды компанияда жұмыс істегендіктен жұртпен жиі қарым-қатынаста боламыз. Сол себепті өзіміз бен өзгелердің денсаулығы үшін вакцина алу міндетіміз деп есептеймін», — дейді Зергүл Есмағамбетова.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109