1367

Вакцина қалай жұмыс істейді: Сарапшы пікірі

Қазір әлемде халықты вакцинациялау жұмысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Кейбір елдерде иммундау жүйесі тіпті міндеттелді. Вакцина ондаған жылдар бойы адам өмірін қауіпті аурулардан аман сақтап келе жатқанмен оның тиімділігіне күмән келтіретіндер бар. №10 қалалық емхананың алдын алу қызметінің басшысы Данияр Қабыкенов вакцина пандемиямен күрестегі жалғыз қару болып саналатынын айта келе оның қандай принцип бойынша жұмыс істейтінін түсіндіріп берді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Данияр Қабыкеновтің айтуынша вакцина кез келген вирустан 100% қорғамайды. Бірақ ағзаны сол вируспен күресуге дайындайды.

«Вакцинаның құрамына ауруды тудыратын белсенді емес микроорганизмдер кіреді. Осының арқасында имунды жүйе ағзаға енген қауіпті сезіп, антидене бөледі. Бұл қауіпті вируспен күресуге мүмкіндік береді. Вакцинаның өзі ауру қоздырғыш бола алмайды. Дегенмен вакцинацияның кейбір жағдайларында дене қызуы көтерілуі, әлсіреуі, ине салған жері ісуі мүмкін. Ал ең бастысы – адам вакцинаның арқасында ауруға қарсы иммунитет алады. Міне дәл осы себепті вакцина түрлі аурулармен күресудің тиімді әдісі болып саналады. Ол вирустың адам азғасында өсуіне жол бермейді», - дейді ол.

Адам иммундаудан толық өткенмен вирус жұқтыруы мүмкін. Бірақ вакцина алған пациент инфекция жұқтырған жағдайда екпе алмағандармен салыстырғанда ауруды жеңіл өткізеді. Оған дәлел – тұмауға қарсы вакцина. Вакцинациядан кейін адам тұмаумен ауырған жағдайда ешқандай асқынусыз, жылдам емделеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109