1117

Талапкер үшін медициналық анықтама ЖОО-ға қабылдау кезінде ғана қажет — БҒМ

Еліміздің Білім және ғылым министрлігі 16 шілдеден бастап мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау басталғанын мәлім етті. Ол онлайн форматта қабылданады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Еліміздің көптеген емханаларында талапкерлер медициналық анықтама алу үшін кезекте тұр. Осыған байланысты Білім және ғылым министрлігі ресми мәлімдеме жасап, анықтама тек университетке қабылдау кезінде қажет болатынын атап өтті.

«Қазір медициналық анықтама алуға ниет білдірушілер саны артқанын көріп отырмыз. Осыған байланысты мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына құжат тапсыру кезінде анықтама талап етілмейтінін естеріңізге саламыз. Медициналық анықтама тамыз айында басталатын университетке қабылдау кезінде ғана қажет. Яғни оны алатын уақыт әлі бар. Қазіргідей пандемия кезінде өзіңізді және денсаулығыңызды сақтау маңызды», — делінген ведомство хабарламасында.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109