1348

Нұр-Сұлтанда ПТР зертханаларының қуаты артты

Нұр-Сұлтанда күніне 10 мыңға жуық ПТР-зерттеу жүргізіледі. Пандемия үй басталғалы бері халықты ПТР-тестілеумен көбірек қамту үшін қаладағы зертханалар саны екіден 27-ге дейін өсті. Зертханалардың қуаттылығы тәулігіне 13 мыңнан астам зерттеуді құрайды. Бүгінгі таңда 1,7 млн-нан астам зерттеу жүргізілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Сондай-ақ, КВИ жұқтырған пациенттерді емдеу үшін қолда бар резервтердің арқасында қосымша инфекциялық төсектер ұйымдастырылды, бұл төсек жүктемесінің азаюына мүмкіндік берді. Егер маусым айының соңында ковидтік төсек-орын қуаты 14 инфекциялық стационар бойынша 2 мың төсектен сәл артық болса, бүгінгі күні инфекциялық төсектер саны 3,5 мыңға дейін ұлғайды.

Естеріңізге сала кетейік, қазір қала бойынша COVID-19 вирусымен күресу үшін 15 стационар және 6 мыңнан астам медицина қызметкері жұмылдырылды.

Сондай-ақ, халықты КВИ-ге қарсы вакцинациялаудың оң динамикасы байқалады. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының деректері бойынша тәулігіне орташа есеппен 6-дан 8 мыңға дейін адам егіледі.

«Осы аптаның басынан бері қала бойынша 27 мың азамат вакцинациямен қамтылды. Екпе алғандар саны күніне 8 мың адамға жетеді. Бүгінгі таңда бірінші компонентпен 308 мыңнан астам азамат вакцинацияланды. Бұл вакцинацияның өсіп келе жатқан қарқынын, адамдардың саналы түрде денсаулығына жауапкершілікпен қарауын білдіреді», — деп атап өтті қалалық Денсаулық сақтау басқармасы.

Сондай-ақ, мобильді топтар еңбек ұжымдарын вакцинациялауды жалғастыруда. Тек вакцинация ғана өз денсаулығыңызды, жақындарыңыз бен айналаңыздағы жандардың денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109