1533

Пандемиямен күресте жауапкершілік танытыңыз: Елорданың санитарлық дәрігері қала тұрғындарына үндеу жасады

Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова астаналықтарды Құрбан айт мерекесін кең көлемде тойлаудан бас тартуға шақырды. Бұл туралы ол "Карантин жағдайындағы "Құрбан Айт" онлайн брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Сархат Бейсенованың айтуынша, коронавирус пандемиясына байланысты биыл қала мешіттерінде мерекелік Айт намазы өткізілмейді. Мұндай шаралар инфекцияның таралуына жол бермес үшін қабылданды.

"Барша тұрғындарды аса қажеттілігі болмаса адам көп жиналатын орындарға бармауға шақырамын. Байланыс жасайтын адамдар қатарын азайтыңыз, қонақ шақырмаңыз және қонаққа бармаңыз. Егер коронавирустық инфекцияның өсу динамикасы төмендемесе, қала тұрғындары мен кәсіпкерлік субъектілері қатаң санитарлық нормаларды сақтамаса, біз локдаунға оралуға мәжбүр боламыз", - деді Сархат Бейсенова брифингте.

Елорданың бас санитарлық дәрігері тек вакцинация коронавирустық инфекцияны жеңуге және қалыпты өмірге оралуға көмектесетінін атап өтті.

"Елордадағы эпидемиологиялық жағдай көбіне өзімізге байланысты екенін түсіну керек. Сондықтан, біз тек вакцинация ғана ауруды жеңе алады деп отырмыз. Вакцинация - бұл, ең алдымен, сіз бірге жұмыс істейтін адамдардың, отбасыңыздың және жақындарыңыздың алдындағы жауапкершілік. Тек жаппай вакцинация ғана пандемияны жеңуге және қалыпты өмірге оралуға көмектеседі", - деп сөзін қорытындылады Сархат Бейсенова.

Айта кетейік, бүгінде елорда халықты вакцинациялау қарқыны бойынша көш бастап тұр. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше Нұр-Сұлтанда вакцинаның бірінші компонентін 308 мыңнан астам адам алған. Алайда бұл карантинді жеңілдету үшін жеткіліксіз. Естеріңізге сала кетейік, Құрбан Айт мерекесі 20-22 шілде аралығында онлайн режимде өтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109