1256

Мәдениет және қоғам қайраткерлері елорда тұрғындарын вакцинациялауға шақырады

Елорда тұрғындарын вакцинациялау науқаны қызу жүріп жатыр. Мәдениет қызметкерлері мен қоғам қайраткерлері иммундаудан өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
«Толық тексерілдім және вакцинаны еш қорқынышсыз алдым. Қуанышыма орай бәрі жақсы, өзімді ойдағыдай сезінемін. Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарап, вакцина алуға шақырамын», - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының классикалық және эстрадалық вокал бөлімінің көркемдік жетекшісі Арайлым Рахым.

Айта кету керек, вакцинация – ұжымдық иммунитетті дамытудың және коронавирустың елде таралуын тоқтатудың жалғыз тәсілі.

«Мен елорда тұрғынымын. Ғылым саласында жұмыс істеймін. Сондай-ақ, көпбалалы отбасымын. Балаларым мен жақындарым және өзім үшін екпе алдым. Елорда тұрғындары мен қонақтарын, жалпы халқымызды вакцина алуға шақырамын. Тұмшаланып жүретін масканы шешетін уақыт келді», - деді «Қасиетті Қазақстан» ҒЗО жетекшісі Батырхан Жұмабаев.

«Вакцинаны сәуір айында алдым. Бәрі жақсы өтті, ешқандай ауырсыну болған жоқ. Туыстарыңызды, балаларыңызды, ата-аналарыңызды, ата-әжелеріңізді және жақын достарыңызды қорғау үшін COVID-19 вакцинасын қабылдауға шақырамын. Аман болыңыздар!» - деді елордалық цирктің манеж инспекторы Жолдасбек Имашев.

Айта кетейік, денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше Нұр-Сұлтанда вакцинаның бірінші компонентін 308 мыңнан астам адам алды, 187 мыңға жуық қала тұрғыны толық иммундаудан өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов пен қаланың бас санитарлық дәрігері елордалықтарды COVID-19-ға қарсы вакцинациядан өтуге шақырған болатын.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109