1051

Кезекті екі iPhone12 және басқа да құнды сыйлықтардың ұтыс ойыны 17 шілдеде сағат 17:00-де тікелей эфирде өтеді

Нұр-Сұлтанда вакцинацияланғандар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады. Кезекті екі iPhone12 және басқа да құнды сыйлықтардың екінші ұтыс ойынына 7 шілде мен 16 шілде аралығында вакцинацияланғандар қатысады. Осы уақыт аралығындағы қатысушылар саны — 53 мың 279 адам. 

Ұтыс тікелей эфирде 17 шілде (сенбі) сағат 17:00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде (Facebook, YouTube) өтеді. 

Естеріңізге сала кетейік, iPhone12 және басқа да құнды сыйлықтардың алғашқы ұтыс ойыны 9 шілдеде өтті. Сол кезде автоматты ұтыс ойынына вакцинация басталған сәттен бастап қалада 6 шілдеге дейін вакцинацияланғандар қатысқан.

Birge платформасында ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы рандомайзер сервисі орнатылған, ол вакцинацияланғандар арасында ID бойынша жүлде иегерлерін генерация арқылы таңдайды. Оны әзірлеуге IT-қауымдастық та қатысты. Айта кету керек, вакцинацияланғандар жүйесі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірілген. Ұтыс ойынына қатысу автоматты түрде өтеді, яғни екпе алғандарға құжат толтырудың қажеті жоқ. 

IPhone12 және басқа да құнды сыйлықтардың ұтыс ойынын елорда әкімдігі апта сайын жаздың соңына дейін өткізеді.

Айта кетейік, елордада азаматтарды вакцинациялауға ынталандыру үшін бағалы сыйлықтар ойнатылады. Вакцинацияланғандар арасында екі бөлмелі пәтер де ойнатылады. Осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алған 18 жастан асқан қала тұрғындарының елордада жылжымайтын мүлікті ұтып алу мүмкіндігі бар. Бұл ұтыс ойынына вакцинацияның барлық пунктері қатысады: медициналық мекемелер, СОО-лар және сауда үйлері. Айта кету керек, ұтыс ойындары демеушілердің көмегімен өткізіледі.

Сондай-ақ «MEGA Silk Way» СОО вакцинация пунктінде бірінші компонентпен вакциналанғандар арасында автокөліктің ұтыс ойыны жарияланды.

Елордада өткізілетін ұтыс ойындары азаматтарды екпе алуға ынталандыру, осылайша өз денсаулығын да, жақын және айналасындағы адамдардың денсаулығын сақтау үшін ұйымдастырылады.Себебі, басты мақсат — ұжымдық иммунитетті дамыту және карантинге дейінгі бұрынғы режимге оралу. Ұжымдық иммунитеттің үлесі 60%-дан асуы керек.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109