1141

Елордада карантин тәртібін бұзғандарға 159 млн теңге айыппұл салынды

Елорданың мониторингтік топтары карантин тәртібін бұзған кәсіпкерлік субъектілерін анықтауды жалғастыруда, жұмыс тәулік бойы күшейтілген режимде жүргізілуде. Көптеген өтініштерге, ескертулерге және әкімшілік жауапкершілікке тартылатынына қарамастан кейбір мекемелер жұмыс режимін сақтау жөніндегі талаптарды әлі күнге дейін елемей, бұқаралық іс-шаралар өткізеді, ал қызметкерлері бетперде тақпайды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Мәселен, өткен тәулікте 16 шілдеде елордада карантин шектеулерін бұзған 8 кәсіпкерлік нысаны анықталды.

Сарыарқа ауданында белгіленген уақыттан кейін "Pei Zdes" лаундж-бары, "Атом" компьютерлік клубы және "Угол 4/1" бары жұмыс істеді.

Алматы ауданында орналасқан "Киш Миш" кафесінде, «Какие люди» барында, "Эхо" клубында да жұмыс режимінің бұзылуы анықталды.

Сонымен қатар, Есіл ауданындағы "Inforno" мейрамханасы мен "VZлетный" ресто-бары сағат 22.00-ден кейін келушілерді қабылдауды жалғастырған. Ал "VZлетный" тіпті кальян шегу қызметін көрсеткен. 

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.

Айта кетейік, жыл басынан 15 шілдеге дейін елордада шектеу және карантин шараларын бұзғаны үшін жалпы сомасы 159 млн теңгеге 786 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Нұр-Сұлтанда қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалды, КВИ-мен ауырғандар санының күн сайын өсуін ескере отырып, қала тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандары санитарлық нормаларды және карантин режимінің талаптарын қатаң сақтау тиіс. Адам көп жиналатын орындарға барудан, іс-шаралар ұйымдастырудан аулақ болып, гигиенаның қарапайым ережелерін сақтау керек.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109