1258

Коронавирустың «Дельта» штамы несімен қауіпті?

Коронавирустың «Дельта» штамында аурудың аса ауыр түрі байқалып отыр. Сонымен қатар, бұл штамм маскировка жасай алатындықтан жұқтырған адам ауырғанын байқамай қалуы да мүмкін, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«Дельта» штамының ерекшеліктері: ол агрессивті, алғашқы уақытта іш қатты ауырады, яғни пациенттердің көбісі іші, асқазаны ауыратынын айтып жатады. Ал ПТР-тест алған кезде науқастардың өкпеге айтарлықтай зақым келгені анықталып жатыр», - деді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов.

Оның айтуынша, «Дельта» штамы өте жылдам жұғады. Оның инкубациялық кезеңі 7 күннен аспайды, көптеген науқаста 3-4 күнде іші ауырып, 5-6-күндері жөтеліп, өкпесі зақымдалады. 

Дегенмен, басқарма басшысы вирус қалай мутацияланса да онымен күресте вакцина тиімді болып қала беретінін айтты. Ол сондай-ақ екпенің қалай әсер ететінін түсіндіріп берді.

«Жаңадан вакцинацияланған адам вирус тасымалдаушы бола ала ма? Бұл мүмкін емес, ол адамда тірі вирус жоқ. Ол ағзада көбеймейді. Вакцинаның мақсаты – иммунокомпетентті жасушаларға жету және оларды қоздыру арқылы, иммуноглобулин түрінде жауап алу, яғни антидене шығарады. Бұл жасушаның жады пайда болады және ол вирус келгенде жеткілікті мөлшерде антидене шығара бастайды. Яғни, ағзаны қорғау үшін белгілі бір мөлшерде антиденелер әрдайым қанның құрамында болады», - деп түсіндірді Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109