1062

Елордада карантин бұзушыларды анықтау бойынша рейдтер күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр

Кәсіпкерлік нысандары арасында карантин бұзушылардың жолын кесу жұмысы тәулік бойы күшейтілген режимде жалғастыруда. Өткен тәулікте шектеу шараларын сақтамағаны үшін қаланың 8 мекемесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 1 қаңтар мен 15 шілде аралығында елордада аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары карантин талаптарын бұзғаны үшін жалпы сомасы 159 млн теңгеге 786 жеке және заңды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Кәсіпкерлік нысандары жұмыс режимін сақтамау, әлеуметтік қашықтық, маска режимін сақтамау, келушілердің рұқсат етілген санынан асып кетуі секілді тәртіптерді жиі бұзады.

Мәселен, яғни өткен тәулікте 16 шілде күні елордада карантин шектеулерін бұзған 8 кәсіпкерлік нысан анықталды.

Сарыарқа ауданында белгіленген уақыттан кейін «Pei Zdes» лаундж-бары, «Атом» компьютерлік клубы және «Угол 4/1» бары жұмыс істеді.

Алматы ауданында орналасқан «Киш Миш» кафесінде, «Какие люди» барында, «Эхо» клубында да жұмыс режимінің бұзылғаны анықталды.

Сол сияқты Есіл ауданындағы «Inforno» мейрамханасы мен «VZлетный» ресто-бары сағат 22.00-ден кейін келушілерді қабылдаған. Ал «VZлетный» ресто-бары тіпті кальян шегу қызметін көрсеткен. 

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.

Қаладағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз болып отыр. COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастар саны өсіп келеді. Мәселен, өткен тәулікте елордада 1,5 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды. Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты қала тұрғындары мен қонақтары, кәсіпкерлік нысандары санитарлық нормаларды, шектеу шараларын қатаң сақтауы тиіс.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109