1192

Алтай Көлгінов азаматтарды қабылдады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жыл басынан бері 300-ге жуық азаматты қабылдағанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Азаматтарды қабылдауды тұрақты жүргізуді жалғастырамыз. Бүгін тағы 8 адамды жеке қабылдадым. Жыл басынан бері 300-ге жуық адам жұмыспен қамтылды. Қабылдауда көтерілетін негізгі мәселелердің қатарына тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, әлеуметтік және медициналық көмек, елді мекендерді дамыту, білім алу, абаттандыру және т.б. жатады. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жеңілдікпен берілетін қолжетімді тұрғын үй, медициналық және оңалту нысандары құрылысының көлемі ұлғайды. Мысалы, осы айда көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мамандандырылған балабақша (Сарыарқа ауданы, Кенесары көшесі, 9/1) ашылды. Қазір балалар мекемеге барып жүр. Балабақшада тәрбиешілермен бірге медициналық қызметкерлер де жұмыс істейді. Сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталығының желісін айтарлықтай кеңейттік. Бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі негізде жалғастырамыз.

Азаматтарды қабылдаудан бөлек қала тұрғындарымен өзара байланысты нығайтуға елорда аудандары, соның ішінде елді мекендерді тұрақты аралау айрықша көмектеседі. Бұл шаралар тұрғындарды барынша көп қамтуға мүмкіндік береді. 

Қала тұрғындары көтерген мәселелерді назарға алып, жұмыс істейтін боламыз», — деп жазды елорда әкімі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109