1133

Нұр-Сұлтанда бір тәулік ішінде карантин режимін бұзған 13 мекеме анықталды

Кәсіпкерлік нысандары арасында карантин режимін бұзғандарды анықтау және жолын кесу жөніндегі мониторингтік топтар тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Мәселен, өткен тәулікте 18 шілдеде қалада шектеу шаралары сақталмаған 13 мекеме мен дүкен анықталды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Есіл ауданында «Текила» лаундж-бары мен «LAVASH FOOD» фаст-фуд пункті жұмыс режимін бұзды.

Сондай-ақ,тыйым салынған уақытта Байқоңыр ауданында орналасқан «Сotton» және «Kids vau» дүкендері жұмыс істеді.

Сарыарқа ауданының мониторингтік тобы бірден 6 кәсіпкерлік нысанында: «Цезарь» кафесінде, «Арман Қала», «Мирас», «Самал» мейрамханаларында, «Hot2be» караокесінде, «Champ» ойын клубында карантин талабының бұзылғанын анықтады.

Сонымен қатар, белгіленген уақыттан кейін Алматы ауданындағы «Алуа» кафесі, «Белес» мейрамханасы және «Cotton» дүкені жұмысын жалғастырды.

Жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық ахуал әлі де тұрақсыз, коронавируспен ауырғандар саны бірнеше есе өсті. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандар санитарлық нормалар мен талаптарды сақтауы тиіс.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109