1004

Елордалық дәрігер вакцина жайлы айтылатын жалған әңгімелер туралы пікір білдірді

Елордада күніне мыңнан астам адамнан КВИ анықталады. Вакцинация ғана індеттің дендеуіне тосқауыл қойып, жұртты аурудың ауыр зардаптарынан сақтайды. Бұл туралы жергілікті емханалардың мамандары да, халықаралық сарапшылар да айтуда, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

№8 қалалық емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері Шолпан Дайрабаеваның айтуынша, қала тұрғындары арасында вакцинациядан кейін болуы мүмкін жағымсыз реакциялар туралы естіп, коронавирусқа қарсы екпе алудан қорқатындар бар. Бұл ретте дәрігер иммунизациядан кейінгі үш күн ішінде температураның жоғарылауы, ағзадағы, буындардағы әлсіздік сынды белгілердің болуы қалыпты құбылыс екенін мәлім етті. Мұндай реакция тек коронавирусқа қарсы вакцинадан ғана емес, басқа да себептерден болуы мүмкін.

«Бәріміз туғаннан бастап екпе аламыз. Туберкулезге, көкжөтелге қарсы вакцинадан бас тартатындар өте аз. Бұл екпелерді де бір кездері індеттің алдын алу және адамзат өмірі мен денсаулығын сақтау үшін жасады ғой. Және бұл мақсат орындалды, сол екпелердің арқасында бүгінде біз шешек немесе оба індетінен құтылдық. Коронавирусқа қарсы вакцинаны да ғалымдар пандемияны жеңіп, қалыпты өмірге оралу үшін ойлап тауып, зерттеді. Көбісі жағымсыз реакциялар болуы мүмкін деп вакцинациядан қорқады. Ия, расымен де оны алғаннан кейін үш күн ішінде дене температурасының жоғарылап, қалтырау, бас және буындар ауыруы мүмкін. Бірақ бұл қалыпты жағдай, яғни ағзаның дер кезінде әрекет етуі десек болады, мұнда әр адамның денсаулығының жеке ерекшеліктеріне байланысты. Сондықтан қорқудың еш қажеті жоқ», — деді дәрігер.

Тез сенгіш азаматтарды әлеуметтік желілерде қорқытатын тағы бір жағдай ол — вирус вакцина арқылы ағзаға енгізіледі, сондықтан вакцинацияланған адам КВИ тасымалдаушысы болуы мүмкін деген ақпарат. Елордалық дәрігердің айтуынша, интернетте жазылған нәрсенің бәріне, әсіресе ғылыми негізі жоқ мәлімдемелерге сенбеу керек.

«Вакцинациядан өткен адам вирустың тасымалдаушысы болуы және оны біреуге жұқтыруы мүмкін емес. Егер "Спутник V" туралы айтатын болсақ, адам денесіне вирустың бір бөлігі енгізіледі, бірақ бұл COVID-19 антиденелерін шығаруға бағытталған. Басқа вакциналарда белсенді емес вирус бар. Бұл вакциналардың ешқайсысынан вирус жұғады деп айтуға болмайды!» — деп атап өтті Шолпан Дайрабаева.

Еске сала кетейік, елордада 100-ден астам егу пункті ашылды. КВИ-ға қарсы вакцинацияны Алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) мекемелерінде және ірі сауда үйлерінде, қаланың сауда ойын-сауық орталықтарында жүргізеді.

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтанда вакцинаның бірінші компонентін 314 мыңнан астам адам алды, 196 мыңға жуық қала тұрғыны толық иммундаудан өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109