858

Елордада Айт күні мұқтаж жандарға құрбандық еті үлестірілді

Елордалық еріктілер Құрбан айтта мұқтаж жандарға құрбандық етін жеткізеді. Биыл құрбандық шалу qurban2021.kz сайты арқылы онлайн режимінде ғана жүзеге асырылады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты. 

«Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтаймыз. Бүгін елорда әкімдігі мен Мүфтияттың бірлескен күшімен qurban2021.kz сайты арқылы онлайн құрбандық шалу ұйымдастырылды. Құрбандық шалуға арналған арнайы орындардан әкелінген еттерді еріктілер мүшелеп, таратуға көмектеседі, ал автоволонтерлер бұл пакеттерді өз машиналарымен көрсетілген мекенжай бойынша тасымалдайды. Жұмыс таңертең ерте басталады», - деді Нұр-Сұлтан қаласының Діндерді зерттеу орталығының басшысы Мәди Тайпин.  

Ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша, qurban2021.kz сайтына көмекке мұқтаж көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан құрбандық етін алуға 3 мыңнан астам өтініш келіп түсті.

«Құрбандық еті әлеуметтік аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасыларға таратылады. Биыл етті таратуға 100-ден астам ерікті мен автоволонтер жұмылдырылды», - деді «Астана Жастары» КММ басшысының орынбасары Аян Ерментаев.

Естеріңізге сала кетейік, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жұрттың жаппай жиналуына жол бермеу мақсатында мал союға арналған дәстүрлі орындар, яғни базарлар, шаруа қожалықтары жабылды.

«Алла Тағала сіздерге денсаулық берсін! Қазір бәріміз үшін ең бастысы – денсаулық, қалғанының бәрі ретімен болады. Бізді естен шығармайсыздар, осы жолы да көмек көрсеткендеріңіз үшін алғысым шексіз», - деді еріктілерге риза болған елорда тұрғыны Қарлығаш Ақжігітова.

«Қала әкімдігі мен еріктілерге көрсеткен көмектері үшін алғыс білдіремін. Баршаңызға амандық тілеймін! Құрбан айт мерекесі құтты болсын!» - деп алғысын білдірді елордалық Әлия Әмірғазина.

Еске сала кетейік, биыл Құрбан айт 20-22 шілде аралығында атап өтіледі.

Елорда тұрғындары мен қонақтары өз денсаулығына қауіп төндірмес үшін санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен шектеу шараларын сақтауды ұмытпауы керек.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109