739

Елордалық ҚХА мүшелері 500-ге жуық отбасыға құрбандық етін жеткізді

Қазақстан халқы Ассамблеясы Құрбан айттың үш күнінде, яғни 20-22 шілде аралығында көмекке мұқтаж отбасыларға құрбандық етін жеткізеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

«Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы Құрбан айт мерекесіне орай елордада 500-ге жуық әлеуметтік осал отбасыға құрбандық етін жеткізеді. Бұл шаралар көмекке мұқтаж отбасыларды қолдауға арналып отыр. Акция үш күнге созылады», - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Нұркен Әбдіғали.

Естеріңізге сала кетейік, биыл елордада құрбандық шалу рәсімі qurban2021.kz сайты арқылы онлайн жүзеге асырылады. Сол сияқты көмекке мұқтаж азаматтар құрбандық етін алуға өтініш бере алады.

Бүгін таңертеңнен бастап елордалық еріктілер мен автоволонтерлер көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, тұрмысы төмен жандарға ет жеткізеді.

Елорда тұрғындары мен қонақтары өз денсаулығына қауіп төндірмес үшін санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен шектеу шараларын сақтауды ұмытпауы керек.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109