752

Карантин: Елордалық 7 мекеме жұмыс режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Елорданың мониторингтік топтары крантин талаптарын бұзған кәсіпкерлік нысандарын күн сайын анықтай отырып, тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Өткен тәулікте, 20 шілдеде осындай 7 нысан әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Есіл ауданында "Chechil Pub" бары, "Alanya" караоке-мейрамханасы, "The-ДЫМ" лаундж-бары жұмыс режимін бұзды. Сондай-ақ, соңғысы кальян шегу қызметін көрсеткен.

Сонымен қатар, бақылау тобы есігін жауып жұмыс істеген "Inforno" мейрамханасына кіре алмады.

Сондай-ақ белгіленген уақыттан кейін Алматы ауданында орналасқан "Баня на дровах" саунасы мен "Потолок" интернет кафесі жұмыс істеген.

Сарыарқа ауданында "Спорт сити" фитнес клубы мен "Стамбул" кафесі де осындай бұзушылықтарға жол берді.

Карантин тәртібін бұзғандарға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, елордадағы эпидемиологиялық жағдай әлі тұрақсыз, күн сайын мыңнан астам адамнан коронавирус инфекциясы анықталуда. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандары санитарлық нормалар мен карантиндік шектеулерді қатаң сақтауы тиіс.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109