613

«Жасыл ел» еңбек жасағы құрамындағы елордалық жастар мыңдаған ағаш пен көшетті күтіп-баптауға атсалысты

Биылғы еңбек маусымында Нұр-Сұлтандағы "Жасыл ел" жасақтарында 1 200 адам жұмыс істейді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Биыл "Жасыл ел" еңбек жасағының XVII маусымы өткізілуде, ал көгалдандырылатын жердің жалпы ауданы шамамен 30 га құрайды, жастар қаладағы көшеттерге күтім жасап қана қоймай, қайың, қарағай, көктерек және терек көшеттерін суарып, қопсытады.

Бағдарламаға үш жас санатындағы жастар қатысады. Бірінші топқа көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың 14 жастан 17 жасқа дейінгі балалары, ал екінші топқа 17-22 жас аралығындағы колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері кіреді. Үшінші санатқа 18-29 жас аралығындағы жұмыссыз жастар жатады.

Кәмелеттік жасқа толмаған балалар мектеп саябақтары мен скверлерді тазалау бойынша жұмыстарды істейді. Олардың жұмыс күні төрт сағаттан аспайды. Олардан үлкендер колледждер мен университеттердің саябақтарын көгалдандырумен айналысады. Үшінші санаттағы қатысушылар құрылыс алаңдарында, сондай-ақ "Астана орманы" кәсіпорнында толық жұмыс күні аяқталғанша еңбектенеді.

"Жасыл ел" бағдарламасының төрағасы Марат Мұхамеджанұлының айтуынша, 64 мың теңге жалақыдан бөлек, жастар жұмыс берушіден тағы қосымша ақша алады. Олардың орташа табысы айына 200 мың теңгені құрайды.

Еңбек жасақтарының жұмыс процесі өткен жылдағыдай санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып жүзеге асырылады. Жастар далада, таза ауада кемінде екі метр қашықтықты сақтай отырып жұмыс істейді. Маска мен қолғап кию талаптары да сақталады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109