912

Елорданың Денсаулық сақтау басқармасы қызмет көрсету сапасы төмен екі жекеменшік медицина мекемесін сынға алды

Елорда әкімдігінің Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы медициналық мекемелердің қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жүйелі түрде жұмыстар жүргізуде. «Салауатты Астана» ЖШС-ға және «Шипагер» ЖШС-ға жұмысы бойынша жұрт тарапынан түскен шағымдар негізінде ескерту жасалды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы осы жекеменшік медициналық мекемелердің басшыларына құқық бұзушылықтың барлық жағдайы мен фактілері бойынша проблемаларды шешуді тапсырды.

«Басты басымдық білікті медициналық көмек көрсету және қызмет көрсету сапасын арттыру болып қала береді. Әрине, қалада қалыптасқан тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай медициналық қызмет көрсету жұмысын қайта қарауға мәжбүр етті, бірақ жұрт ары қарай да зардап шекпеуі тиіс және кез келген жағдайда медициналық көмекті толық көлемде алуы қажет», - деп атап өтті қалалық Денсаулық сақтау басқармасы.

Естеріңізге сала кетейік, қалада 186 мобильді бригада жұмыс істейді. Мобильді бригадалар КВИ анықталған пациенттердің үйіне барып ПТР-тест қабылдап, олардың денсаулық жағдайын бақылайды. Елорда әкімінің тапсырмасы бойынша мобильді бригадалар саны 100 бригадаға дейін көбейтіледі. Осылайша, олардың саны 300-ге жетпек.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109