700

«Астана Су Арнасы» ұжымы КВИ-ге қарсы вакцинациядан өтіп жатыр

Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакцинациялау қарқын алып келеді. «Астана су арнасы» МКК қызметкерлері екпе қабылдап, қала тұрғындарын вакцина алуға шақырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бұл кәсіпорында 1921 қызметкер жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі КВИ-ге қарсы екпе алды.
«Кәсіпорын қызметкерлерінің 813-і вакцинаның бірінші компонентін, 758-і екінші компоненті қабылдады. Осы жылдың 21 шілдесіндегі жағдай бойынша вакцинацияланған қызметкерлердің саны 1588 адамды құрайды. Ал 333 қызметкер дәрігердің рұқсаты бойынша екпе алған жоқ.
Дәрігердің рұқсаты кәріз және кәріз тазарту қызметінің мамандарында бар. Сондай-ақ 3 ай аралығында короновируспен ауырып жазылған және уақытша рұқсаты бар қызметкерлер, сол сияқты созылмалы ауруы және тұрақты дәрігерлік рұқсаты бар жұмысшылар екпе қабылдаған жоқ.
Вакцина алған қызметкерлердің бәрінің жағдайы жақсы, ешкімде ауырсыну, асқыну сияқты кері әсері болған жоқ», — деді «Астана су арнасы» МКК баспасөз хатшысы Назгүл Сыздықова.
Кәсіпорын қызметкерлері вакцинацияның маңыздылығын атап өтіп, жұртты денсаулығын сақтау үшін иммунизациядан өтуге шақырды.
«Астана су арнасында» қызмет еткеніме 5 жылдан асты. Бүгін вакцинаның екінші компонентін алып отырмын. Вакциналар арасында Спутник-V екпесін алдым. Екі компонентте де дене қызуы, бас ауыру секілді жанама әсерлері болған жоқ. Өзімді өте жақсы сезіндім. Вакцина қабылдағаннан кейін де маска режимін сақтап, қауіпсіздік ережесіне бағынамын. Сонымен қатар, еліміздің барлық тұрғынын вакцина алуға шақырамын», — деді «Астана су арнасы» МКК бақылаушысы Әсемгүл Жүнісова.
«Бұл кәсіпорында 10 жылға жуық жұмыс істеп келемін. Бүгін ұжыммен вакцинаның екінші компонентін алып отырмыз. Негізгі мақсат — өзіміздің денсаулығымызды ойлап, өзгелердің қауіпсіздігіне мән беру», —деді Астана су арнасы МКК жүргізушісі Сәкен Сабиров.
Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған мәліметке сай елде коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алғандар саны 4 млн 965 мыңнан асты. Ал екпенің алғашқы компонентін 2 млн 907 мыңнан аса адам салдырды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109