1944

Елордада «Қазақстан 2050 оқушылар көзімен» байқауының екі аталымы бойынша қорытынды шығарылды

Астанада ҚР Тұңғыш Президентінің күніне орай мектеп оқушыларының арасында «Қазақстан 2050 оқушылар көзімен» байқауы өтіп жатыр. Іріктеу турына 69 мектептен 10 мың бала қатысты.

Астанада ҚР Тұңғыш Президентінің күніне орай мектеп оқушыларының арасында «Қазақстан 2050 оқушылар көзімен» байқауы өтіп жатыр. Іріктеу турына 69 мектептен 10 мың бала қатысты. Жарыс 5 аталым бойынша ұйымдастырылуда. Атап айтқанда, «Үздік эссе», «Үздік сәулеттік идея», «Үздік сурет», «Үздік ғылыми жұмыс», «Үздік инновациялық жоба».

«Байқаудың негізгі міндеті өскелең ұрпақтың бойында патриотизм сезімін тәрбиелеу, оқушылардың санасында мемлекеттілік пен тәуелсіздік сынды басты құндылықтарды нығайту, ҚР Тұңғыш Президентінің егеменді Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы рөлін жеткізу, оқушылардың шығармашылық қабілеттілігін дамыту болып табылады»,- дейді ұйымдастырушылар.

«Астана Дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығынан astana.kz сайтына хабарлағандай, өткен жұмада «Үздік ғылыми жұмыс» пен «Үздік инновациялық жоба» аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталды. 

«Үздік инновациялық жоба» аталымы бойынша №48 мектеп-лицейдің 10 сынып оқушылары Қайнар Қаһарман мен Самат Өмірзақ гран-при алды. №56 мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы Гүлжахан Ораз І орын, № 6 гимназияның 11 сынып оқушылары Дана Оспанова мен Дмитрий Фомичев, қазақ-түрік лицейінің 9 және 11 сынып оқушылары Айбек Смағұлов пен Санжар Бидайбек ІІ орын алды. № 38 мектеп-лицейдің 11сынып оқушысы Алмас Мағзумов пен Әмір Сәлім, № 53 мектеп лицейдің 11 сынып оқушысы Ардақ Темірханов пен №66 мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы Дінмұхаммед Хайрулла мен Әлия Мырзаш ІІІ орында.

«Үздік ғылыми жұмыс» аталымында №38 мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы Темірлан Нәби гран-приге қолжеткізді. № 48 мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы Арнұр  Есімбеков пен «Зерде»  мектебінің 9 сынып оқушысы Аружан Баянқұлова І орынға ие болды. ІІ орында №40 орта мектептің 10 сынып оқушылары Мейіржан Жанғожин мен Фариза Сатмағанбетова, №56 мектеп-лицейдің 6 сынып оқушысы Далила Байболатова мен №15 мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы Мөлдір Амангелдинова. №6 гимназияның 9 сынып оқушысы Индира Талипова, №70 мектеп-лицейдің 11 сынып оқушылары Мұхтар Болатханов пен Темірлан Шыныбеков, №68 орта мектептің 11 сынып оқушысы Жанбота Мұсабаева, сонымен қатар, №10 мектеп-гимназияның 8 сынып оқушылары Инсар Жүсіпов пен Екатерина Костыря үшінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, 22 қарашада М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында «2050 жылғы Қазақстанды елестету»қалалық байқауының 5 аталымы бойынша 40 жеңімпазын салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109