773

Нұр-Сұлтанда жаппай вакцинация қарқын алып келеді

Бүгін «Астана қалалық жарық» ЖШС қызметкерлері коронавирусқа қарсы екпенің екінші дозасын алды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«Астана қалалық жарық» ЖШС — көшелер мен саябақтарды жарықтандыруды және тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ететін кәсіпорын. Біз халықпен, тұтынушылармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтіндіктен вакцина алу туралы шешім қабылдадық. Оған өз еркімізбен, саналы түрде келдік», - дейді кәсіпорын директорының орынбасары Сұлтан Саханов.

Оның айтуынша, кәсіпорында 174 адам жұмыс істейді. Қызметкерлердің 86%-ы КВИ вакцинасын алды, 23%-ының екпе алмауға медициналық себебі бар.

Ұжымға үлгі болу үшін компания басшысы Арсен Бимұханов вакцинаны бірінші болып алған.

«Қазір біз қызметкерлер арасында ұжымдық иммунитетті арттыруға деген ұмтылысты байқап отырмыз», — деді Сұлтан Саханов.

Еске сала кетейік, елордада күн сайын өз қызметкерлерін толық иммундаудан өткізген компаниялар саны артып келеді. Көптеген кәсіпорындар жұмыс процесін үзбеу үшін мобильді вакцинация тобын шақырады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Magnum Cash&Carry» сауда желісінің, «Small» гипермаркеттер желісінің, №1 автобус паркінің, «Регион» таксопаркінің және т.б. қызметкерлері иммундаудан өткен болатын.

Бүгінгі таңда елордада вакцинаның бірінші компонентін 318 мыңнан астам адам алды, ал 202 мыңнан астам адам толық иммундаудан өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109