658

Нұр-Сұлтанда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жыл соңына дейін 500-ден астам іс-шара өтеді

Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық, республикалық, қалалық және аудандық деңгейлерде 300-ден астам түрлі іс-шара өткізілді. Мерейтойлық күнді атап өтудің аралық қорытындылары туралы онлайн-брифингте Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын мерекелеуге дайындық мақсатында елордада 800-ден астам түрлі форматтағы іс-шараларды қамтитын бірыңғай қалалық жоспар құрылды. Оның ішінде 80-нен астамы — халықаралық және республикалық деңгейде, 700-ден астамы — қалалық және аудандық деңгейде.

«Жастар арасында спортты насихаттау, өскелең ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеу мақсатында қала әкімдігі Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында бірқатар республикалық және қалалық спорттық іс-шаралар өткізді. Сондай-ақ қала тұрғындарын бұқаралық спортқа тарту үшін бірқатар спорт нысандары ашылды: Бокс орталығы, Көркем гимнастика орталығы және Жекпе-жек залы, сол сияқты елорданың елді мекендерінде дене шынықтыру-сауықтыру кешендері (Өндіріс, Көктал елді мекендеріндегі ДСК), 2 жауынгерлік өнер орталығы», — деп хабарлады Дәурен Бабамұратов.

Сонымен қатар, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай елорданың мәдениет мекемелері офлайн және онлайн режимде арнайы тақырыптағы концерттік бағдарламалар, спектакльдер, қойылымдар, шығармашылық кештер, көрмелер және экскурсиялар өткізеді.

Басқарма басшысының айтуынша маусым-шілде айларында Нұр-Сұлтанда ҚР Мемлекеттік рәміздері күні, Медицина қызметкерлері күні, Қазақстан полициясы күні және Елорда күні сияқты мерекелерге арналған 200-ден астам түрлі іс-шара өткізілді. 

«Биыл Елорда күнін мерекелеу әлеуметтік жобаларға арналды және тек әлеуметтік сипатқа ие болды. Осылайша, халықтың әлеуметтік осал топтары арасында кезекте тұрғандарға пәтер кілті тапсырылды, құрылысы ұзаққа созылған 20 үй аяқталды, Өндіріс және Көктал елді мекендерінде ірі дене шынықтыру-сауықтыру кешендері пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мамандандырылған балабақша ашылды, 50-ден астам ауланың, 10-ға жуық қоғамдық кеңістіктің құрылысы аяқталды», — деді басқарма басшысы.

Бұдан бөлек, елордада қазақ халқының белгілі тұлғалары — Дина Нұрпейісоваға, Қаныш Сәтпаевқа, Әлихан Бөкейханға, Ахмет Байтұрсынұлына және Міржақып Дулатұлына ескерткіштер орнатылды. Сондай-ақ, Тәуелсіздік мерейтойына орай Нұр-Сұлтанда «Құтқарушылар саябағы» ашылды.

Жыл соңына дейін қалада Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жүздеген спорттық, мәдени, ғылыми-танымдық, қайырымдылық іс-шаралары өткізіледі. Бұл жағдайда санитарлық нормалар мен шектеу шаралары қатаң сақталады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109