652

«Игі істер марафоны»: Елорданың мұқтаж тұрғындарына 10 мыңнан астам азық-түлік себеті таратылды

Елорда әкімдігінің бастамасымен Нұр-Сұлтанда соңғы жарты жыл «Қайырымды істер» ұранымен өтті. Осы уақыт аралығында көмекке мұқтаж азаматтарға 10 мыңнан астам азық-түлік себеті жеткізілді. Бұл туралы онлайн брифингте қалалық Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Игі істер марафоны» республикалық жобасы аясында жыл басынан бері елордада 300-ден астам түрлі форматтағы іс-шара жүзеге асырылды. Атаулы әлеуметтік көмек пен қолдау 66 мыңнан астам адамға көрсетілді.

«Елорда әкімдігінің бастамасымен соңғы жарты жыл «Қайырымды істер» ұранымен өткізілді. «Игі істер» марафоны аясында Нұр-Сұлтанда жарты жыл ішінде еріктілер, әкімдік қызметкерлері, елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, бизнесмендер мұқтаж азаматтарға, яғни көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, жалғыз басты зейнеткерлерге 10 мыңнан астам азық-түлік себетін таратты. Оларға жан-жақты көмек пен қолдау көрсетілді», - деді Дәурен Бабамұратов.

Айта кету керек, азық-түлік жиынтықтарын таратуға еріктілер мен жанашыр азаматтар көмек көрсетеді, олар өнімдерді себеттерге бөліп, тиісті мекенжайларға жеткізеді. Сол сияқты қыс мезгілінде еріктілер күн сайын көмекке мұқтаж тұрғындардың ауласының қарын күреуге, дәрі-дәрмек сатып алуға және т.б. көмектесті.

«Сонымен қатар, 20-22 шілде аралығында біз мұсылмандардың қасиетті мерекелерінің бірі – Құрбан айт мерекесін атап өтіп жатырмыз. Елорда әкімдігі мен Мүфтият бірлесіп, qurban2021.kz сайты арқылы құрбандық шалу рәсімін онлайн ұйымдастырды. Ал құрбандық шалынған орындардан әкелінген еттерді әкімдік қызметкерлері, еріктілер, елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері пакеттерге бөлді. Өз кезегінде автоволонтерлер өз көліктерімен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тасымалдауға көмектеседі. Елорданың 3 мыңнан астам мұқтаж тұрғыны Құрбан айтта шалынған малдың етін алады», - деді спикер.

«Игі істерді» жүзеге асыруға елордалық кәсіпкерлер де белсенді қатысуда.

Осылайша, «30 игі іс» акциясы және «Туған жер» бағдарламасы аясында меценат, дизайнер Мансура Жәкен Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театрына құны 3.5 млн теңге болатын қолдан жасалған әшекейленген панноны сыйға тартты.

«Әлеуметтік жобалармен айналысатын үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсету үшін жалпы құны 4 000 000 теңге болатын 17 авторлық есіктің сертификатын табыс еттік. Мен өзім автоволонтермін. Пандемия кезінде Нұр-Сұлтан қаласындағы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесімен бірге көмекке мұқтаж елорда тұрғындарына азық-түлік себеттерін тараттық», - деді ол.

Дизайнер өзге де кәсіпкер әріптестерін мұқтаж жандарға немқұрайлы қарамай, игі істер жасауға және қолдау көрсетуге шақырды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109