748

Елордада мұқтаж жандарға құрбандық етін тарату жалғасын тапты

Елордада мұқтаж жандарға құрбандық еті таратылып жатыр. Биыл қала әкімдігі мен мүфтияттың бірлескен күшімен qurban2021.kz сайты арқылы онлайн құрбандық шалу ұйымдастырылды.

«Елордамызда пандемияға байланысты qurban2021.kz сайты арқылы, яғни онлайн құрбандық шалу жүріп жатыр. Қазіргі таңда елордадағы 3 жарым мыңнан астам мұқтаж жанға үлестіріп жатырмыз. Құрбан айттың бірінші күні 700 пакет құрбандық етін тараттық. Бүгін 1500-ден астам пакет бар», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Нұрдәулет Алмұханов.

Еріктілер құрбандық етін бөлуге, таратуға көмектеседі, автоволонтерлер бұл пакеттерді өз машиналарымен көрсетілген мекен-жай бойынша тасымалдап жатыр.

«Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына ет тарату жұмыстары жүріп жатыр. Ол әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға жеткізіледі. Тұрғындарға жақсы көңіл-күй сыйлап, мерекемен құттықтап шығып жатырмыз», - деді «Жас сарбаз» Жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек.

Айта кетейік, биыл қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және адамдардың жаппай жиналуына жол бермеу мақсатында мал союға арналған дәстүрлі орындар, яғни базарлар, шаруа қожалықтары жабылды.

«Көпбалалы анамын. Аллаға шүкір, 8 балам бар, немерем бар. Құрбан айтта бізді ұмытпай келіп, уақыттарыңызды бөліп құттықтап жатқандарыңызға рақмет! Осының бәрін ұйымдастырған Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне ерекше алғыс!» - деп ризашылығын білдірді көпбалалы ана Әсел Әлімжанова.

«Құрбан айт мерекелеріңіз құтты болсын! Көпбалалы аналарға келіп, тұрып жатқан жерімізді көріп, жағдайымызды біліп жатқандарыңызға алғысымыз шексіз!» - деді көпбалалы ана Нұргүл Бердібаева.

Айта кетейік, «Елорда әкімдігінің бастамасымен Нұр-Сұлтанда соңғы жарты жыл «Қайырымды істер» ұранымен өтіп жатыр. «Игі істер» марафоны аясында еріктілер, әкімдік қызметкерлері, елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, бизнесмендер мұқтаж азаматтарға, яғни көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, жалғыз басты зейнеткерлерге 10 мыңнан астам азық-түлік себетін таратты. Оларға жан-жақты көмек пен қолдау көрсетілді.

«Игі істер марафоны» республикалық жобасы аясында жыл басынан бері елордада 300-ден астам түрлі форматтағы іс-шара жүзеге асырылды. Атаулы әлеуметтік көмек пен қолдау 66 мыңнан астам адамға көрсетілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109