672

Есігін жауып алып жұмыс істеді: Елордада карантин талаптарын бұзған алты мекеме жауапқа тартылды

Елорданың мониторингтік топтары крантин талаптарын бұзған кәсіпкерлік нысандарын күн сайын анықтай отырып, тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Көбіне қоғамдық тамақтандыру орындары әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Олар белгіленген жұмыс уақытын, маска режимін сақтамайды, ал келушілер саны рұқсат етілгеннен асып жатады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Өткен тәулікте, яғни 21 шілде күні елорданың 6 кәсіпкерлік нысанында карантин талаптары бұзылды.

Байқоңыр ауданындағы «Seka food» кафесі мен «1001 түн» рестобары белгіленген уақыттан артық жұмыс істеді.

Сондай-ақ, жұмыс режимін Алматы ауданында орналасқан «Janymsoul» караоке-клубы, «Панаехали» бары және «Chim chi» кафесі бұзды.

Уақытша шектеулер қойылғанына қарамастан Есіл ауданындағы «Tequila» лаундж-бары келушілерді қабылдады.

Мониторингтік топтар есігін жауып алып жұмыс істеген «Quartert» караоке-клубына, «Мята» лаундж-барына және «Alanya» караоке-мейрамханасына кіре алған жоқ.

Тәртіп бұзушыларға қатысты материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына берілді.

Естеріңізге сала кетейік, қаладағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз. Күн сайын КВИ ауруының мыңнан астам жаңа жағдайы анықталып жатыр. Осыған байланысты елорда тұрғындары мен қонақтары, сол сияқты кәсіпкерлік нысандары санитарлық нормалар мен шектеу шараларын қатаң сақтауы тиіс.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109