991

Елордада эпиджағдай күрделі – Жанна Пірәлиева

Елордада соңғы бір аптада коронавирус инфекциясын күн сайын 1200-ден 1500-ге дейін адам жұқтырғаны анықталуда. Қаладағы эпидемиологиялық жағдай туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Жанна Пірәлиева айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Елордада COVID-19 инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделі. Күн сайын коронавирус инфекциясын жұқтырған 1200-1500 науқас тіркеледі. Соңғы аптада COVID-19 инфекциясының 9934 оқиғасы тіркелді, бұл алдыңғы аптадан 37,5%-ға жоғары», - деді елорданың санитарлық дәрігерінің орынбасары.

Оның айтуынша, науқастардың 80,6%-ы – ересектер, 16,6%-ы – балалар, 2,7%-ы – жасөспірімдер.

Эпидемиологтар КВИ ауруының күрт өсуіне «Дельта» штаммының таралуы себеп болып отырғанын жеткізді. «Дельта» індеттің жылдам таралуына әсер етіп, науқасты өте ауыр күйге түсіреді.

«Сондай-ақ, науқастардың өсуіне жазғы демалыс та себеп болып отыр. Жұрт ел ішінде емін-еркін қатынап жүр. Маска режимін, адам көп жиналатын орындарда қорғаныс талаптарын елемейді», - деп толықтырды Жанна Пірәлиева.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109