1008

Біз төсек-орын санын ұлғайтуға мәжбүрміз – Денсаулық сақтау басқармасының басшысы КВИ-мен ауырғандар санының өсуі туралы

Елордада коронавирус ауруы өршіп тұр. Стационарларға түсетін КВИ жұқтырған пациенттердің өсуіне байланысты қалалық ауруханаларды қосымша бейімдеп, күндізгі стационар жұмысын, жоспарлы емдеуге жатқызуды тоқтатуға тура келеді. Бұл туралы онлайн-брифингте Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлім етті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Денсаулық сақтау басқармасы басшысының мәліметінше, 22 шілде күні таңертең елорданың инфекциялық стационарларында 2 556 науқас емделіп жатыр. Оның ішінде 2 270 адамда COVID-19 расталған, ал 286 пациент пневмониямен ауырып жатыр.

«Бүгінгі таңда стационарлардың төсек сыйымдылығы – 3 562 төсек. Ал КВИ-мен күреске 16 стационар жұмылдырылған. Аурудың өршуіне байланысты қалалық ауруханаларды қайта бейіндеуге және әзірге күндізгі стационардың жұмысын, жоспарлы емдеуге жатқызуды тоқтатуға тура келеді. Осылайша, басқа медициналық клиникаларда әртүрлі профильдер бойынша өтініштер мен ауруханаға жатқызу жүктемесі артады. Біз төсек-орын санын ұлғайтуға, қолда бар барлық ресурстарды пайдалануға мәжбүрміз. Күніне коронавирустан шамамен 10-15 адам қайтыс болады. Өткен тәулікте 333 адам ауруханаға жатқызылды», - деді Тимур Мұратов.

Қазіргі уақытта ашылған инфекциялық төсектердің мыңнан астамы, оның ішінде 62 реанимациялық төсек бос тұр.

Елорданың бас дәрігері пандемиямен күресудің жалғыз әдісі халықты жаппай вакцинациялау арқылы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру екенін еске салды. Азаматтар вакцинация арқылы ғана өздерін вирустың ауыр зардаптарынан және өлімнен қорғай алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109