1103

Нұр-Сұлтанда 320 мыңнан астам адам КВИ вакцинасының бірінші компонентін алды

Елорда тұрғындарын вакцинациямен көбірек қамту үшін Нұр-Сұлтанда демалыс және мереке күндері де жұмыс істейтін егу пункттерінің саны 3 есеге артты, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов онлайн-брифингте коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 320 мыңнан астам адам алғанын, ал 206 мыңнан астам азамат толық иммундаудан өткенін хабарлады.

«Қала тұрғындарын вакцинациямен қамту үшін медициналық ұйымдардағы егу пункттерінің санын 3 есеге арттырдық. Олардың уақыты 10:00-ден 22:00-ге дейін, тіпті демалыс және мереке күндері де жұмыс істейді. Сондай-ақ, вакцинаның қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 8 сауда ойын-сауық орталығында – «Хан Шатыр», «MegaSilkWay», «Керуен», «Абу Даби Плаза», «Азия Парк», «Сарыарқа», «Еуразия», сол сияқты «Мечта» тұрмыстық техникалар дүкенінде егу пункттері ашылды. Бүгінге дейін СОО-ларда 50 мыңнан астам адам вакцинацияланды», - деп хабарлады Тимур Мұратов.

Елордада вакцинацияның жоғары белсенділігі байқалады. Жұрт өзінің және өзгелердің денсаулығына саналы түрде қарай бастады. Соңғы апталарда вакцина алғысы келетіндер саны 6 есеге дейін өсті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109